8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қазан 2023 1290 0
Білім

Қала мұғалімдеріне құрмет

Қазанның 6-сы күні Орал спорт кешенінің арқанды саябағында «Ұстаз деген-жарық күні адамның» атты тақырыпта ұстаздар күніне арналған шара болды.

Шарада сөз сөйлеген қала әкімі Миржан Сатқанов: Бұл күн-білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ, ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтілетін кәсіби мереке. Халықаралық ұстаздар күні құтты болсын!-деген шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы «Орал қаласының құрметті педагогі» байқауының жеңімпазы, №35 лицейдің мұғалімі, педагог-шебер Татьяна Никифороваға «Орал қаласының үздік педагогы» төсбелгісімен бірге куәлік, диплом және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 1035000 теңге сыйақы сертификатын табыстады.

Сондай-ақ білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің және қала әкімінің Алғыс хатымен көптеген мұғалімдерді марапаттады. Үздік ұстаздарды қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова дипломдары мен арнайы сыйлықтар тарту етті. Бұл шара туралы газетіміздің келесі санынан толығырақ оқи аласыздар.

Гүлжан АЯЗБАЕВА.

Суретті түсірген автор.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
92 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
288 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
276 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»