ҚАЛА БАСШЫСЫ КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Тамыз айының бірінші жексенбісі көлік қызметкерлерінің төл мерекесі. Кәсіби мерекеге орай Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков бір топ сала қызметкерлерін арнайы қабылдап, марапаттады.
– Қаламызда жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын теміржол, әуе, су және автомобильдік көлік түрлері бар. Соның ішінде қала ішінде жолаушы тасымалдаумен 7 кәсіпорын айналысады. Оның біреуі – су көлігі. Бұл кәсіпорындарда 800-ге жуық қызметкер жолаушы тасымалын дамыту, бұл саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көрсетілген қызметті сапалы ету жолында ерен еңбек етеді. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, осы салада елеулі еңбек сіңіріп, мақсатқа жетудегі ынталарыңыз бен іскерліктеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін», — деді шаһар басшысы.
Мұнан соң Абат Абайұлы бірқатар көлік саласының мамандарына алғыс хаттар табыс етті.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу