8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2026 352 0
Білім

Академиялық ұтқырлық – үлкен мүмкіндік: БҚАТУ студенті Польшада білім алды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ІІІ курс студенті Темірлан Ажгалиев академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Lodz University of Technology университетінде бір семестр білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ол қазір Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың политехникалық институтында «машина жасау» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Айта кету керек, бұл бағдарлама студенттің кәсіби және жеке дамуына ерекше әсер етті.

– Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін Жәңгір хан университетінде арнайы емтихан тапсырып, нәтижесінде грант иегері атандым. Мен Польша Республикасының Лодзь қаласында білім алу барысында инженерия және техникалық бағыттағы бірнеше жаңа пәнді меңгердім. Атап айтқанда, Design and Maintenance of Machines, Power Devices and Systems, Mechanical Engineering секілді пәндер бойынша білімімді тереңдеттім, – дейді Темірлан Асқарұлы.

Оның сөзінше, бұл пәндер теориялық білімді жетілдіріп қана қоймай, практикалық дағдыларды дамытуға да мүмкіндік берген.

– Шетелде білім алу маған халықаралық тәжірибе жинақтауға, әртүрлі мәдениетпен танысуға және шет тілінде қарым-қатынас жасау қабілетімді арттыруға көмектесті. Мен бағдарлама аясында Испания, Франция, Германия, Италия және Чехияда болып, аталған елдердің мәдениетімен әрі білім беру жүйесімен таныстым. Бұл сапар менің дүниетанымымды кеңейтіп, болашақ мамандығыма деген қызығушылығымды арттырды, – дейді ол.

Қорыта айтқанда, Темірлан үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы үлкен тәжірибе мектебі болды. Студент шетелдік университетте кәсіби білімін жетілдіріп, халықаралық ортада жұмыс істеу қабілетін дамытты.

 

Қарлығаш Мұханбетжанова

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, политехникалық институтының аға оқытушысы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
299 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»