8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2022 4639 0
«Жайық үні» — 30 жыл

🌈Қайырлы күн, қадірлі Оқырмандарым! ✍️

«Жайық үнінің» бүгінгі нөмерінің бірінші бетінен жерлес журналистердің, кәсіпкерлердің, модераторлардың байқаудағы жеңістерін оқи отырыңыздар. Осы байқау жеңімпаздарының арасынан жеке кәсіпкер , «Жомарт жан» номинациясының иегері, өлкедегі мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаудан жалықпайтын білікті азамат Абзал Насиолланың еңбегіне ерекше тоқталып өттік.
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹Сондай-ақ, өз кәсібін дөңгеленткен Қаратөбе ауданының қара баласы, бүгінде іскер азамат Манарбек Қазбекұлы туралы тұщымды мақала жарияланды. Кейіпкердің қалауы бойынша Манарбек жайлы мақаланың орыс тілінде жазылғанын қаперіңізге сала кетейік.
💦Осы нөмерде аптадағы жарқын жаңалықтар, жаңа жылдық шырша кеші, оқырмандар хаттары бар. Айтпақшы, БҚО әкімінің қатысуымен өтіп жатқан жиналыстар да өлкеде жұмыс тәртібінің күшейгенін көрсетуде. Бұған «Құрлыста кідіріс жасағандар сотталады» деген мақала дәлел бола алады! 🪓🔨
📕Танымал ұстаз, қаладағы 38 мектептің байырғы директоры Досқалиева Баян Мектепқызының әкесі, марқұм Мектеп Досқалиев туралы ақсайлық Қуанышқали Ғұсманов естелік мақала жазған екен. ✍ Ақын ағаны ел есіне түсіріп, қуана жарияладық! Әруағы желеп-жебесін. 🙏
Қазір Оралда тұмау өршіп тұр. Облыстық ЖИТС орталығы сақтандыру шараларын айтып, мақала
жазуда. Оқырмандарым, тұмаудан, ауру-сырқаудан аман болайық! Келесі аптада кездескенше Жайыққа қар жауып, ☃❄☃көңіліміз қардай аппақ болсын! 🌨🌨🌨
«Жайық үні» редакциясы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»