«АЙЫППҰЛ САЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ ЖОҚ»
Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен бұйрығы жоқ.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер арқылы себепсіз сабақтан қалған оқушыға айыппұл салынаты туралы хабарламалар таралуда. БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бұл ақпараттың жалған екенін айтып, ата-аналарды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырды.
– Әлеуметтік желілер арқылы түрлі ақпараттар таралады. Оның барлығы қаншалықты дұрыс-бұрыс екенін әр сауатты адам салмақтай білуі керек. Сабақтан қалған оқушыға айыппұл салынатыны туралы Білім және ғылым министрлігінің ешқандай бұйрығы жоқ. Яғни жалған мәлімет. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы бойынша айыппұл салу ҚР ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ заңының 127 бабында көрсетілген. Яғни, бала 10 күннен астам уақыт еш себепсіз мектепке келмесе, бірінші кезекте ата-анасымен жұмыс жүргізіледі. Жағдай тағы да қайталанса, мектеп әкімшілігінің ұсынысымен баланың мәселесі жергілікті әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады, – деп түсіндірді Шолпан Маратқызы.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу