АЙБАРЫ АСҚАҚ, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ
Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Айбары асқақ, Тәуелсіз елім» атты мерекелік концерт өтті. Жиналғандарды БҚО әкімі Алтай Көлгінов тарихи, қастерлі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

– Ата-бабамыз аңсаған еңселі егемен ел болдық. Тәуелсіздіктің ең алғашқы күнінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін мақсатты стратегиялар қабылдап, бағытты айқындап берді. «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. Енді Қазақстан 2050-ші жылы қандай мемлекет болатынын межелеп, алдағы ондаған жылдарда еліміздің даму стратегиясын бағдарлап берді. Біз соны бірге орындаушымыз. Шын мәнінде адамның өзінде мақсат-меже болмаса, ол қайда барарын білмейді. Сондықтан Президентіміз еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін бірнеше бағдарламаларды қабылдады. Сол бағдарламалар қазір жұмыс жасауда. Күні кеше Елбасы өз Жолдауында тағы да ең маңызды мәселелерді атап айтты. Жол, ауызсу, баспана мәселесі, ауыл шаруашылықты қолдау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жастарға қолдау көрсету, білім беру және денсаулық сақтау салалары толық қамтылды. Өңірімізді айтар болсақ, өңір үшін жол жайы өзекті еді. Бүгінде күре жол мәселесі шешілді. Биыл Елбасы өңірімізге сапармен келгенде Кеңес кезінен шешімін таппай келе жатқан Бөкей орда, Жәнібек, Қазталов аудандарына жол салуды қолдады. Келер көктемде жол құрылысы басталады. Облыс орталығынан ең шалғайда жатқан Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жалпақталға ауыз су келді. Жалпы екі жыл ішінде 2000 шақырым су құбыры тартылып, 110 елдімекен сумен қамтылды. Биылдың өзінде 26 көпқабатты үй, аудандарда 104, тұтастай алғанда 3500 пәтер салынуда. Бұл да тәуелсіздіктің жетістігі. Әр ауылда мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстар жүруде. Мәдениет үйі, аурухана, мектеп, балабақша салынуда. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 100 пайызды құрады. Бұл да тәуелсіздіктің арқасы, – деген Алтай Сейдірұлы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай кейінгі ұрпаққа тарихты түгендеп, дамыған елдің кілтін тапсыру жолында әр азаматты аянбай еңбек етуге шақырды.
Сондай-ақ облыс басшысы келер жылдың көктемінде өңірде халықтың сұранысымен Мәдениет сарайы салынатынын, әуежайды жаңғырту, жаңа «Ақжайық» шағын ауданы құрылысы басталатынын хабардар етті.

Мерекелік концерт Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымының, жергілікті өнерпаздардың және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
М.ХАМЗАҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу