АДАМДЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Мағруфа Қайрошқызы Батықованың 90 жылдық мерейтойына орай өзі тұрған Қасым Аманжолов көшесі, 59-үйге есімі айшықталып жазылған ескерткіш тақта орнатылып, жерлестері рухына тағзым етті.

Енді бұл көшемен жүрген қала тұрғындары тақтайшаға қарап адамдық пен адалдықтың үлгісі болған Мағруфа Қайрошқызын еске алатын болады. Ескерткіш тақтаны соғыс ардагері, қаланың Құрметті азаматы Хамза Сафин мен еңбек ардагері, қаланың Құрметті азаматы Жайсаң Ақбай ашты.
– Бүгін елге өте сыйлы, абыройлы тұлғаға ескерткіш тақта ашып жатырмыз. Мағруфа Қайрошқызының өңіріміздің дамуына қосқан зор үлесі зор. Ол кісімен біраз жылдар әріптес болдым. Әсіресе, қиын кезеңде облыстың денсаулық сақтау саласына қосқан еңбегі өлшеусіз еді. Бірге жұмыстас болған ардагерлер бүгін Мағруфаны еске алып, оның таңғажайып өмір жолы кейінгі жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде зор үлгі екенін айтамыз, – деді соғыс ардагері Х.Сафин. Мағрупа Қайрошқызының бауыры Ерік Хайрушев әпкесінің елі үшін жасаған еңбегі еленіп, бағаланып жатқанына ризашылығын білдіріп: – Апама ескерткіш тақта орнату туралы ұсыныс көтерген ел ағаларына алғыс білдіремін. Мен үшін ол ерекше жан, көшбасшы еді. Кішкентайымнан еңбекке баулып, қиындықты жеңе білуге баулыған жан болатын, – деп тебірене еске алды.

Мағруфа Қайрошқызы 1928 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1951 жылы Орал педагогика институтын бітіріп, диплом алған жас маман өзінің алғашқы еңбек жолын Фурманов орта мектебінде оқытушы болып бастайды. Кейін Қаратөбе және Жымпиты аудандық атқару комитетінің төрайымы болып еңбек еткен. Ол облыстағы әйелдер арасынан шыққан тұңғыш атқару комитетінің төрайымы. 1963-1967 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының мүшесі болып сайланған. 1965 жылы халық депутаттары Орал облыстық Кеңесі төрайымының орынбасары болып сайланып, бұл қызметтен 1985 жылы зейнет демалысына шығады. Қиын да жауапты қызметтерді атқарған жылдарында Мағруфа Қайрошқызының ұзақ жылғы адал еңбегі үшін үш мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген грамоталармен және медальдармен марапатталған.
Жиналғандар жас ұрпаққа адалдықтың үлгісін өшпес өнегелі ісімен жалғаған Мағруфа Қайрошқызының ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып, марқұмның жарқын бейнесі халықтың жадында әрдайым сақталатынын айтты.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Жайсаң АҚБАЙ, еңбек ардагері, Орал қаласының Құрметті азаматы:
– Мағруфа Қайрошқызы егер де тірі болса 90 жасқа толар еді. Өкінеміз, бірақ артында өшпес ізі қалды. Қай жұмыста болсын, қай салада жасамасын оның ісі нәтижелі, халыққа тиімді. Өзі табиғатынын өте мықты, нағыз Қаһарман адам болды. Мінезі ақты ақ, қараны қара деп кесіп айтатын тіке еді. Жұмыстас болдық. Оның атқарған жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты болатын. Ол қиын кезең еді, тұрмыстың өзі ауыр болатын. Қаратөбе ауданында қазақ әйелдерінен тұңғыш шыққан жергілікті атқару комитетінің төрайымы болды. Кейін ширек ғасыр бойы облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, Қазақ ССР жоғары кеңесінің депутаты, Президиум мүшесі ретінде де республикаға танымал болды. Мәкеңнің көп сөзге бой алдырмай, мәселені нәтижелі, нақты шешетінін білеміз. Жұмыстасы ретінде Мағруфаның қазақ қыздарының арасынан шыққан ерекше тұлға екенін айта аламыз. Көзіміз тірісінде оның ісін аңыз етіп айта жүреміз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу