8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Ақпан 2023 3602 0
Оқиға

Адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталды

 

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында арақ ішіп сөзге келіп, адам өлтірген Асылбек Ахметов 10 жылға сотталды. Қанды оқиға өткен жылы Орал қаласында тіркелген еді. Тергеу барысында айыпты өзін қорғамақ болдым,- деп ақталыпты. Бұл шындыққа жанаса ма?

 

Судья Шара Зайнуллина қандықол қылмысқа айыпты Ахметовтің: «Марқұм Тасановты өлтіретін ойым болған жоқ, тек өзімді қорғадым»,- деген мәлімдемесі жалған екенін ашық айтты. Өйткені сот медициналық сараптама қортындысы бойынша Тасановқа салынған дене жарақаты өте көп, одан оның аман қалуы екі талай екені белгілі болған.

 

Арақ ішіп, болмашы дүние үшін сөзге келіп, ақырында рөмкілесін пышақтап өлтірген кінәліге қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде он жыл жазасын өтеу үкімі оқылды.

 

Қайғылы оқиға облыс орталығындағы қараусыз қалған ескі ғимараттардың бірінде болған. Сотталушы кінәсін ішнәра мойындаған. Ал марқұмның туыстары оған кешірім беріпті. Сот үкіміне ешқандай қарсылық білдірмеді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»