«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» өткізіліп келеді.

Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты және мамыр айында бірінші рет онлайн форматта өткізілген «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағатының» оң тәжірибесін ескере отырып, жалпы республикалық акцияны ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.
Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі екендігі белгілі.
Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деген атаққа ие болған данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді.
Сол себепті, шілде айындағы «Адалдық сағатының» тақырыбы ұлы ойшыл, ғұлама бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай, «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп анықталып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді. Бейне-дәрістедің сілтемелері облыстағы мекемелерге таратылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. («Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3&t=0s «Час добропорядочности» на тему «Аль-Фараби и добродетельное общество» https://www.youtube.com/watch?v=kE9_jN-SbA8&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg&index=3&t=0s)
Аталған бейне-дәрістерде Әл-Фарабидің өз шығармаларында, оның ішінде «Қайрымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы айтылған ойлары мен өскелең ұрпаққа қалдырған мұралары туралы айтылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу