«АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ОРАЛДА
Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны және Тұңғыш Президент күніне орай жоғары және арнаулы оқу орындары оқытушылары мен қызметкерлері арасында батыс аймақтық ашық турнирі басталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің жоспарына сай наурыз айында «Адал жол» марафоны бастау алған болатын. Сегіз ай ішінде он екі ауданды қамтыған аталмыш марафонды Тұңғыш Президент күні қарсаңында Орал қаласы қабылдап алды. Өскелең ұрпақты жастайынан жемқорлыққа жирене қарауға үйретіп, қоғам дертіне айналған кеселді түбірімен жоюды мақсат еткен марафонды Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевқа Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов салтанатты түрде табыс етті.
Шарада сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов:
– «Адал жол» марафоны еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды. Елбасы Жолдауда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғаса беретіндігін айтқан болатын. Бұл ретте өңірімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тоқтаусыз жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны. Қоғам дертіне айналған жемқорлықтың алдын алуға арналған эстафета оралдықтардың жемқорлыққа жаппай қарсы екенін дәлелдейді. Облыстың он екі ауданында өткен шараға мыңдаған белсенді азаматтар қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасы қалыптасты, – дей келіп, жастарды марафон шеңберіндегі шараларға белсенді қатысуға шақырды.

– Марафон жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізді қалыптастыруды көздеп отыр.. Сондықтан бұл іс-шараның маңызы өте зор. Бүгінгі таңда марафонды Теректі ауданынан қабылдап алдық. Алдағы он күнде қалада осы мақсатта көптеген шаралар өтеді, – деді шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу