8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2026 363 0
Құттықтаймыз!

Абыройға бөленген Айгүл ханым!

Баршаңызға мәлім болғандай, осы бейсенбіде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев білім беру саласының ардагерлері мен педагогтер қауымымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңірдің білім саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Салтанатты жиында білім беру саласының ардагері Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева да Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған «Құрмет» орденін кеудесіне жарқыратып тақты. Құтты болсын!

Айгүл Мыңбаева еңбек жолын 1985 жылы Саралжын орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін облыстық білім басқармасында түрлі жауапты қызметтер атқарды. Өз ісінің шебері БҚО басқарма басшысы лауазымына дейін көтеріліп, 2024 жылы зейнеткерлікке шықты.

Айгүл Әділгерейқызының басшылығы кезінде өңірдің білім беру жүйесінде маңызды өзгерістер жүзеге асты. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа форматтағы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Педагог кадрларды даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жетілдірілді.

Соңғы жылдары облыста білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар іске асырылды. 2022-2024 жылдары өңірде 25 мектеп пайдалануға берілсе, олардың қатарында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған үш заманауи білім ордасы бар. Бұл жұмыстар білім сапасын арттыруға және оқушыларға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Еңбек жолында Айгүл Мыңбаева «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Білім мен тәрбиені ұлт дамуының басты құндылығы деп білетін, өмірін шәкірт тәрбиелеу мен білім саласын өркендетуге арнаған және ана тілінің қанат қағуына зор үлес қосқан, «Жайық үні» газетінің де жанашыры әрі тұрақты оқырманына айналып, ұлттық басылым мен әдеби кітап оқуды жерлестеріне үлгі етіп жүрген Айгүл Әділгерейқызын бізде ең жоғары – «Құрмет» ордені – мемлекеттік марапатымен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Ақ Жайық өңірінің, барша Қазақ елінің құрметіне бөленіп, ұзақ өмір сүріп, абырой биігінен көрініп, аман жүруін тілейміз!

«Жайық үні» ЖШС-ның редакция ұжымы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Жауапты науқанға дайындық жүйелі
23 Шілде 2026
174 0
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
161 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
163 0
Без рубрики
Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
18 Шілде 2026
288 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»