«АҚЖАЙЫҚ» ШАҒЫНАУДАНЫНА САЛЫНАТЫН КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ
Қоғамдық тыңдауды 4 желтоқсан күні өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы 27 қараша күні Орал қаласы әкімі Абат шыныбеков жергілікті «Ақжайық» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасында мәлім етті.
«Орал қаласындағы «Ақжайық» ТЖЖ-ға дейінгі көпір арқылы салынатын автомобиль жолының құрылысы» жобасы бойынша бас жобалаушы «Алматыдорпроект» ЖШС сәулеттік жоба дайындаған болатын. Сондай-ақ көпір өткелінің екі нұсқасын ұсынды. Алайда, 8 қазанда ұйымдастырылған қоғамдық тыңдау кезінде жол құрылысының жобасын қайтадан қарау туралы шешім қабылданды.
– Қазіргі уақытта жобалаушы институт трассаның жаңа сұлбасын дайындауда. Бұл 4 желтоқсан күніне жоспарланып отырған қоғамдық тыңдау кезінде таныстырылатын болады, – деді Абат Абайұлы.
Айта кетейік, алғашқы қоғамдық тыңдау кезінде таныстырылған жобада көпір құрылысын жүргізу үшін қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы 1480 ағаштың кесілетіні айтылған еді. Нақтырақ айтқанда, саябақ аумағындағы жалпы 0,20 гектар аумақтағы 214 ағаш пен Шаған өзені бойындағы 1266 ағашты кесіп, орнына 7500 көшет отырғызу жоспарланды. Сонымен қатар 4 жеке үй сүріліп, орнына ақшалай өтемақы немесе басқа үй ұсыну көзделген болатын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар

БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 40 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ, 25 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН БҚО МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

БРИТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ӘЛЕУМЕТТІК АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ 3 МЕТРГЕ ДЕЙІН АРТТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

БҚО-ДА 8 836 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Пікір үстеу