8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2024 5435 0
Бәрекелді!

Ақын-жазушылардың шығармашылығын қолдау – қоғамның рухани дамуының негізі

Бүгін, желтоқсанның 28-і күні,облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Н.Төреғалиев Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен кездесіп, құттықтау сөз сөйледі.

– Құрметті ақын-жазушылар,Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Батыс Қазақстан өңірі ақын-жазушыларымен танымал. Біз әрдайым олардың шығармашылығын қолдап, облыста ұйымдастырылған әдеби кештер мен көркем туындылардың насихатталуын басты назарда ұстаймыз,-деді аймақ басшысы Н. Төреғалиұлы.

Бұдан соң Жазушылар одағы басқарма бөлімшесінің БҚО-дағы өкілі, жазушы – журналист Бауыржан Ғұбайдуллин жыл бойы өлкеде қаламгерлермен бірлесіп атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Көптеген қаламгерлер ойларын ортаға салды. 2024 жылы әр түрлі баспалардан шыққан кітаптарын өңір басшысына сыйға тартты.

Көркем әдебиет пен мәдениеттің қоғамдағы рөлі талқыланған жылы басқосуда өңір басшысы ақын-жазушыларға қаржылай сертификат пен Алғыс хат табыстады.

Гүлім НҰРҚАТ
Бұл туралы газеттің 2025 жылғы , нөмірі 1-санынан оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»