8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2018 5512 0
Қоғам

АҚЫН АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ақын Ақұштап Бақтыгереева мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды.

Елбасы Н.Назарбаев қол қойған 28 қарашадағы №794 Жарлыққа сәйкес,  Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы  «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке, «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін авторлар ұжымына – Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға, «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін авторлар ұжымына – Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке, «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға, «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа берілді.

Жайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереева  – «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері.  2005 жылы Құрмет орденінің иегері 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2017 жылы  Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілген еді.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
135 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
143 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
270 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
534 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»