8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2024 5404 0
Көңіл айтамыз

Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды. Олар келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды.

Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, ол жұмыс істейді.

Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендер саны 29 адамға жетті, олардың ішінде екі бала бар. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы берді, деп хабарлайды Orda.kzтілшісі.

ҚР көлік министрлігінің дерегіне қарасақ ұшақта 62 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ құлаған жерден 4 адамның мәйіті табылды.

Маңғыстау әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұшақта болған 67 адамның 29- аман, бірақ зердап шеккен. 27 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Басқарма өкілдері апат кезінде ұшақ бортында жарылыс болғанын хабарлады.

«2024 жылғы 25 желтоқсанда, шамамен 10:58-де Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында баллон жарылып, 14 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар»,
– деп мәлімдеді басқарма.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының алты бригадасы жіберілді.

«Облыстық көпбейінді ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек-орын, сондай-ақ 10 реанимациялық орын дайындалды. Балалар ауруханасында 20 төсек-орын мен 10 реанимациялық орын ашылды»,
– деп толықтырды басқарма өкілдері.

Қазіргі уақытта ауруханаға 27 адам жеткізілді, олардың 11-і ауыр халде, реанимация бөліміне ауыстырылған.

Сонымен қатар, 11 жастағы бала мен 16 жастағы жасөспірім де ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.

Дереккөз: baq.kz, kaz.orda.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»