8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2019 2593 0
Қоғам

АҚҰШТАП АҚЫННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАЛАРМЕН АЙШЫҚТАЛМАҚ

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері  Ақұштап Бақтыгерева 75 жасқа толады. Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған ақынның мерейтойы республика көлемінде кең ауқымда аталып өтілмек.

Жоспарлы шаралардың алғашқысы ақынның туған жері Теректі ауданында бастау алды. Оған, Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, Сырым, Шыңғырлау, Тасқала, Қазталов аудандары онлайн режимде қосылды.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ғимаратында өткен шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов елдің аяулы ақын қызына деген құрметтің шексіз екендігін атап айтты.

Аудандық кітапханада өткен шарада БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нәріков, ақын, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Ғ.Сейтақ, жазушы-журналист Б.Ғұбайдуллин, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Т.Жазықбай, ақын, Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі С.Бисенғалиевтер Ақұштап Бақтыгерейқызының шығармашылығы, жастарға  берер өнегесі туралы айтып, ақын тойына сүбелі үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Ақынның мерейтойы ауданда тағылымды шаралармен айшықталмақ. Республикалық деңгейде мүшайра, «Қызым саған айтам» атты сырласу кеші, жыр байқауы, тәрбие сағаттары, әдеби кештер жоспарланған. Эссе жазу, сурет байқаулары ұйымдастырылады. Ауданның барлық кітапханаларында кітап көрмелері жасақталуда. Шаралар легі ақынның туған ауылы Ақжайықта қорытындыланып, дала қызықтары өткізіледі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»