АҚСАЙДА 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қасиетті айда Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан өкілдігінен бастау алған «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау»,-дейді бас имам Қ.Жакенов.
Бөрлі аудандық мешітінде өткізілген шарада мешітте тіркелген Ақсай қаласы, Бөрлі, Бумакөл, Ақсу, Алекандров ауылдарының әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы 100 отбасына азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.
Бұндай қайырымдылық шаралары тек қасиетті айда емес, алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп отырады дейді бас имам.
Үміт Жәңгірова, Бөрлі ауданы
Версия для печати
Пікір үстеу