Жылу желілері жаңаруда
14 тамыз күні БҚО әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласы Әбілқайыр көшесі бойымен өтетін №8 жылу желісін қайта құру жұмысының жүргізілу барысын бағамдады. Мұндағы жұмыстарды «Астанаинжкомстрой» ЖШС жүргізуде.

Аталмыш жылу желісі өткен жылдары апатты жағдайда болып, қиындық туғызған еді. Сол себепті биыл бұл аумақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңартылуда. Жылу желісінің ұзындығы 1,176 шақырым. Құны – 347 569, 24 мың теңге. Жоба 2019 жылы толықтай аяқталуы керек.
– №8 жылу магистраліне 6-шы шағын аудандағы 106 үй жылуға қосылған. Биылғы бөлінген қаржыға сай 360 метр жылу магистралін ауыстыру көзделген. Жылыту маусымы басталғанша жоспарланған жұмыстар аяқталуы тиіс, – дейді «Жайық жылуқуат» АҚ директоры Мұрат Бәйменов.
Жалпы биыл аталмыш бағдарлама бойынша төрт жоба жүзеге асырылуда. Мұрат Болатұлының мәлімдеуінше, төрт жобаның ұзындығы – 4,944 шақырым. Құны – 1 971 148,84 мың теңге. Оның екеуін, яғни №2 және 7 жылу желілерін «УральскВодСтрой» АҚ жаңартуда. Жұмыстар жоспарға сай биыл қыркүйекте аяқталуы керек. Ал «Астанаинжкомстрой» ЖШС №4 және 8 жылу магистральдерін жаңартуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу