Жол құрылысы 75 пайызға орындалды
БҚО әкімі Алтай Көлгінов 14 тамыз күні М.Мәметова көшесінде жүргізіліп жатқан автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Құны 581,7 млн. теңге болатын жобаны «ҚПО б.в» компаниясы қаржыландыруда. Жол құрылысы жұмыстарын «Nursat» ЖШС жүргізуде. Жөндеу сәуір айында басталған. Жолдың ені бұрынғысынан 2,5 метрге ұзартылыпты. Асфальт қалыңдығы – 11 см. Жоба бойынша қарашаның 30-ына дейін аяқтау көзделген. Дегенмен, учаске басшысы Бақтияр Қарабасов жауын-шашынға қалмай, құрылыс жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін толық аяқтауды мақсат етіп отырғанын айтты.
Сондай-ақ өңір басшысына қаланың басқа аумақтарында жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстары туралы баяндалды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев мәлімдегендей, биыл қалада 37 нысан бойынша 50 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Ол үшін 7,5 млрд. теңге бөлінген болатын. Бүгінде жоспарланған жол құрылысының 75 пайызы орындалған. 11 нысанның жұмысы тәмамдалып, комиссия қабылдауынан өткен. 20 шақты нысанның жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Алты нысан бойынша конкурстық жұмыстар биыл жүргізілген. Оларды аяқтау келер жылдың еншісінде.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу