Оралда 4 жұлдызды қонақ үй салынады
Орал қаласында сегіз қабатты төрт жұлдызды қонақ үй бой көтермек. 14 тамыз күні болашақ қонақ үйдің жоспары облыс әкімі Алтай Көлгіновке таныстырылды.

Төрт жұлдызды қонақ үй Құрманғазы көшесі 84 мекенжайынан бұрынғы «Ақжайық» қонақ үйінің орнына салынады. Қазір ескі ғимаратты сүру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа нысанның іргетасын құяр күн де алыс емес. Ал құрылысты аяқтау 2020 жылдың қарашасына жоспарланған.
Hilton халықаралық франшизасы бойынша салынатын қонақ үй 125 нөмірлі болмақ. Оның ішінде алтауы – люкс, алтауы – апартамент, екеуі – мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып жабдықталмақ. 25 және 400 орындық екі конференц зал, 250 орынға арналған Ballroom жасақтау жоспарда. Сегізінші қабатта – ашық аспан астындағы sky-бар болады. Сондай-ақ қонақ үйде бассейн, spa, фитнес орталығы да қарастырылады. Жаңа қонақ үйде 200 адамға жқмыс орны ашылмақ.
– Жоба құны – 12 млн. доллар көлемінде. Жартысын «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктерден несиемен алмақпыз. Бұл ретте облыс және қала басшылығы қолдау көрсетіп отыр, – дейді «GRAND HOTEL Service» ЖШС директоры Жақсылық Саматов.
Қонақ үйдің құрылыс жоспарымен танысқан соң, өңір басшысы Алтай Көлгінов ұсыныстарын айтып, туризм саласын дамыту үшін қонақ үйлердің сапалық деңгейін көтеру маңызды екеніне басымдық берді.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу