8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Тамыз 2019 1715 0
Қоғам

ОРАЛДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Атаулы мерекеге орай Орал қаласындағы облыстық қазақ драма театрында салтанатты шара өтіп, батысқазақстандық құрылысшыларға құрмет көрсетілді. БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев облыс әкімі атынан сала ардагерлері мен мамандарын құттықтап, мерекелік марапаттарды табыс етті.

– Еңбектері ғасырларға қалатын мамандықтар санаулы. Көне заманнан құрылысшы мамандығы халықтың құрметіне ие болды.  Құрылысшылар өмірімізді жаңарту мен гүлдендіруге алып келетін адамдар. Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартып, болашаққа сеніммен қарауға рух беретін адамдар. Жобалаушылардың, сәулетшілердің, құрылыс индустриясы жұмысшыларының біріккен жұмысының арқасында біздің қалалар мена ауылдарымыз көркеюде. Автомобиль жолдары мен инженерлік желілер салынуда. Бірнеше шақырымдық газ және су құбырлары тартылып, әлеуметтік және мәдени обьектілер бой көтеруде. Жыл сайын қолданысқа тапсырылатын тұрғын үйлер көлемі жоспарланған шектен артығымен орындалуда, – деген Бағдат Оразалдыұлы құрылыс саласы бойынша өңірде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, сала мамандарына мерекелік ізгі лебізін арнады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жалпы көлемі 430 мың шаршы метр болатын пәтер тапсырылды. Жыл сайын өңірдегі тұрғын үй және инженерлік коммуникация желілері құрылысына республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражат артып келеді. Соның арқасында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Нәтижесінде облысымыздың мыңдаған тұрғындары, соның ішінде көпбалалы отбасылар мен тұрғын үйге мұқтаж жанұялар баспаналы болуда.  Ағымдағы жылы облысымызда «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында тұрғын үй және инженерлік коммуникация құрылысына 16 млрд. теңге бөлінген. 17 көпқабатты және ауылдарда119 тұрғын үй құрылысына 13  млрд. теңге, сонымен қатар 17 инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 2 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірде төрт нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты қолданысқа беріледі. Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – ауызсумен қамту. 2016 жылы облыс тұрғындарының таза ауыз суға қолжетімділігі – 36 пайыз ғана болған болса, қазір 51 пайызға жетті. Бүгінде сегіз аудан бойынша 29 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде.

Автомобиль жолдары құрылысы да айрықша назарда. Биыл оңтүстік аумақтағы Жәнібек, Қазталов, Бөкейордасы аудандары бағытына жол құрылысы басталды. Президент тапсырмасына орай бұл жұмыстар 2021 жылға дейін аяқталуы тиіс.  Бұл жмыстардың барлығы құрылысшылардың ерен еңбегімен атқарылатын іс.

Салтанатты жиын барысында бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Уральскводстрой» АҚ бірінші вице-президенті Тенгиз Тедеев пен осы компанияның өндірістік техникалық бөлімінінің жетекші инженері Фатима Качмазоваға «Еңбек ардагері», «СКФ Отделстрой» ЖШС сырлаушысы Жанғақ Айболатова, «Жаңа консалтинг ЛТД» ЖШС техникалық қадағалау жөніндегі инженерінің көмекшісі Сағидолла Әміров, «Жаңғырту – 2012» ЖШС инженері Сағынғали Имашев және «Westkaros» ЖШС бас инженері Анександр Рукин «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Қаз-Хол» ЖШС директоры Тимур Әминов, «Инжиниринговая компания по Организации строительного производства» ЖШс Ақсай филиалының басшысы инженердің көмекшісі Серік Шаймарданов пен техникалық қадағалау сарапшысы Александр Аничкин», «Kaz Contruction Group» ЖШс  бас инженері Ернияз  Удреев «Еңбегі сіңген құрылысшы» төсбелгілерімен марапатталды. Тағы бірқатары облыс әкімінің алғыс хаттарымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Құрмет грамотасымен және Орал қаласы әкімінің алғс хаттарымен марапатталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
37 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
222 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
262 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
541 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
553 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
679 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
981 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1073 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1099 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1310 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1581 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1807 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1846 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1993 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2191 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»