БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН…
Батыс Қазақстан облысында халықаралық «Қауіпсіз жолдар» жобасы аясында жасөспірімдерге жол қауіпсіздігін меңгертуге бағытталған «Батыс Қазақстан облысындағы қауіпсіз жолдар» жобасы қолға алынуда. Жаңа жобаны облыс әкімдігінің қолдауымен ШЕЛЛ, ЭНИ концерндері, EASST ағылшын қайырымдылық ұйымы және оның өңірлік серіктесі «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігі бірлесе жүзеге асырмақ.

Күн сайын әлемде орта есеппен 18 жасқа дейінгі 500 бала жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Жыл басынан бері облысымызда балалардың қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бір бала көз жұмған. 34 бала түрлі деңгейдегі жарақат алыпты. Балалардың қауіпсіздігі мәселесінде жол жүру ережелері аса маңызды болып отыр. Сондықтан оларға қауіпсіздік дағдыларына үйрету ешқашан ерте емес.
Осы орайда қолға алынып отырған «Батыс Қазақстан облысындағы қауіпсіз жолдар» жобасы – БҚО әкімдігі және ШЕЛЛ, ЭНИ концерндері, EASST ағылшын қайырымдылық ұйымы және оның өңірлік серіктесі «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігінің бірлескен жобасы болып табылады. 2019 жылдың бесінші наурызында облыс әкімдігінің қолдауымен аталмыш жоба аясында жоғарыдағы компаниялар ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Жобаның басты мақсаты – жазатайым апаттар мен жол-көлік оқиғасының алдын алу, БҚО-да жол қауіпсіздігін жақсарту.
Бүгін «Еуразия», «Атамекен» лагерлерінде өткізілген шара барысында жол қауіпсіздігі жайында театрландырылған қойылым көрсетілді. Балаларға арналған жол қозғалысы ережелерінен сұрақ-жауап айдары да жүргізілді. Сондай-ақ балғындарға жарық шағылыстыратын әшекейлер таратылды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, балаларға түсіндіру жұмыстарынан бөлек қала аумағында төрт мобильдік алаң жасақталып, жол қауіпсіздік ережелері практикалық тұрғыда үйретілетін болады.
– Тамыз айынан бастап, мобильдік алаңдар жұмысы басталады. Әзірге оқушылар сарайы аумағында мобильдік алаң жасақтау көзделіп отыр. Онда оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді. Одан бөлек қауіпті жол өткелдері зерттеліп, балалардың қауіпсіздігі үшін ұсыныстар берілетін болады. Біздің мақсатымыз – жол-көлік оқиғасының алдын алу. Алдағы уақытта бұл шаралар жалғасады, – деді жоба үйлестірушісі Гүлнара Бисенова.
Жобаны нәтижелі жүргізу мақсатында білім беру, жастар ісі, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының және облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар бірлесе жұмыстанбақ.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу