ОРАЛДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін Орал қаласында өткізілген сенбілікте 311 текше метр қоқыс шығарылды.

Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №688 қаулысына сәйкес, санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілігі жарияланған болатын.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 30 наурыз күні ұйымдастырылған алғашқы жалпықалалық сенбілікке 7 363 тұрғын қатысты. Коммуналдық мекеме қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер, меншік түріне қарамастан ұйымдар мен мекемелер де тазалық шарасына жұмылдырылды. Сонымен қатар, ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 570 студенті, қаламыздың 53 пәтер иелері кооперативтерінен шамамен 300 жұмысшы сенбілікке атсалысты.
Сенбілікке шығарылған техникалар 25 бортты құрады және жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарынан 5 автобус шығарылды.

Жаппай санитарлық тазалау жұмысы автобус паркі жол өтпесінен Новенький трассасына дейінгі Орал-Желаев трассасы, «Ел-Ырысы» базарынан қала шекарасына дейінгі Орал-Самара трассасы, «Үміт» шағынауданынан Орал-Саратов трассасы бағытындағы Деркөл айналма жолы, Туберкулезге қарсы диспансерден Орал-Самара трассасына дейінгі С.Тюленин көшесі, Чагано-Набережная көшесі бойындағы «Этих дней не смолкнет Слава» тынымбағы, Сарайшық көшесінен Алмазов көшесіне дейінгі Даумов көшесі аумақтарында жүргізілді.

Атап өтейік, санитарлық тазалық айлығы «Жасыл ел – Жасыл Орал» атауымен екі айға ұласады. Сондай-ақ әр сенбілік «Тазалық», «Жастар сенбілігі», «Отбасылық сенбілік», «Көгалдандыру» сынды тақырыптармен айшықталмақ. Қала басшысы М.Мұқаевтың сөзінше, биыл Орал шаһары 10 мың көшетпен толығады.
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу