8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2019 2382 0
Қоғам

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚ ЖҮРГІЗУДЕ

 Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша әрекет ету тәжірибелік сабақтары, жарақат кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек, жеке қорғаныс құралдарын қолдану бойынша ашық сабақтар өткізуде. Ашық есік күндері аясында орталық және оқу-жаттығу базаларында экскурсия өткізілді.

Жасақтағы экскурсияға ҚазИИТУ «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» факультетінің студенттері, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің «Өрт қауіпсіздігі» бөлімінің студенттері қатысты.

Экскурсия барысында балалар жасақтың құрылу тарихына үңілді. Сонымен қатар оларға арнайы техникалар мен авариялық-құтқару құралдарын, сүңгуір жабдықтарын және құралдарын көрсетті. Ашық есік күніне қатысушылар тыныс алуға жарамсыз ортада немесе жұқтыру аймақтарында жұмыс істеу үшін құтқарушылар қолданатын ағзалар мен тері жабындарын жеке қорғау құралдарының заманауи түрлерімен танысты.  Сонымен қатар сүңгуірлік жабдықтармен, судағы және мұздағы құтқару құралдарымен таныстырып, сүңгуірлік су астына түсу оқу жаттығуын көрсетті. Қызығушылық танытқандары гидрокостюмдер мен сүңгуірлік жарақтарды өздеріне киіп, өлшеп қарап, сүңгуірлік қызметтің ауыртпашылығын сезінді.

Құтқарушылар балалардың қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына жауап берді, олардың көпшілігі құтқарушының немесе өрт сөндірушінің мамандығы бойынша қайда білім алуға болатыны қызықтырады. Оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК-ңің Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары айтылды.

Л.Абдрахманова, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
291 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
279 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»