8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 3795 0
Қалалықтар қаперіне

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға  септесетін алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын нығайту.

Жоба аясында Қазақстанның сакралды нысандары бойынша  энциклопедияның екінші томы жарыққа шықты. Энциклопедияның екінші томына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының сакралды нысандары  енген. Аталған нысандар бойынша иллюстративті материалдар мен сол нысандар орналасқан жерін айқындайтын картасы да көрсетілген. Эциклопедия авторларының құрамында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Ахмеденов Қажымұрат Мақсұтұлы да бар.

Энциклопедияның бірінші томы 2017 жылы шығарылды. Ол Астана мен Алматы қалалары, Ақмола мен Алматы облыстарына арналған болатын.

       Сұлтанғалиева Рита,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
144 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
128 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
355 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»