ОРАЛДА 50 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛДІ
Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев халық алдындағы есеп беру кездесуінде қаладағы жол құрылысы бойынша жасалған жұмыстар туралы баяндады.

Қала ішіндегі асфальтбетон жабынды автомобиль жолдарының 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Жол құрылысы бойынша өткен жылы шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылды. Теміртау көшесі, «Ғалымдар ауылы» шағынауданы, «Көкжиек» шағынауданының кіреберісі, А.Тайманов көшелері салынды. Сондай-ақ «Ет комбинаты» ауданындағы төрт көше жөнделді. Жолдарды жөндеу барысында 30 әлеуметтік нысанға баратын жол қамтылды. Жол жөндеу жұмыстары қаланың әр аумағында жүргізілгенін атап өту керек. Жалпы 7,5 млрд. теңгеге ұзындығы 50 шақырым болатын 50 көшенің жолы жасалды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады.
Жол құрылысы бойынша атқарылған маңызды инфрақұрылымдардың бірі «Депо» ауданындағы өткелдің қолданысқа берілуі. Алғаш салынғаннан бері 53 жыл бойы күрделі жөндеу жасалмаған көпірді қайта салуға ҚПО б.в компаниясы 2,3 млрд. теңге бағыттап, құрылысты «Ка-строй» ЖШС жүргізді. Жаңа көпір өткелінің ұзындығы 536 метр. Ені екі есеге ұлғайтылып, 20 метрге жеткізілді. Көпірден тәулігіне 46 мың автокөлік өте алады. Бұл бұрынғыдан екі есеге артық.
– Қала көшелерінің көліктерді өткізу қабілеттілігін арттыру – маңызды бағыттардың бірі. Өйткені соңғы үш жылда көліктердің саны 25 мың бірлікке көбейді. Бірнеше аумақтар бойынша мәселелер бар екенін анықтадық. Осы ретте Гагарин-С.Датов, Әйтиев-Еуразия, Шолохов-С.Тюленин, Әбілқайыр хан-С.Датов көшелері қиылыстарының оң бұрылыстары бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Осылайша, сол аумақтардағы өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасадық, – деді Мұрат Рахметұлы.
Жол жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады. Қала басшысының сөзінше, жоспарланған жол жөндеу жұмыстарының бір бөлігі «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен келісімдер жүргізілуде. Сондай-ақ Шаған өзені арқылы қала мен болашақ «Ақжайық» шағынауданын байланыстыратын көпір құрылысын жобалаушы мекеме анықталған.
Ал Депо көпірі құрылысын жүргізген «Ка-Строй» ЖШС қазір «Нефтебаза» ауданындағы көпірді қайта құрылымдауды қолға алған . Бүгінде демонтаждау жұмыстары аяқталып, құрылысшылар бұрғылау жұмыстарына кірісуде. Жаңа көпір 4 жолаққа дейін кеңейтілмек (суретте). Жаяу жүргіншілер жолы 1,5 метрден болады. Құрылыс кезінде жаңа технологиялар қолданылмақ. Жобаның жалпы құны – 5,5 млрд. теңге.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу