8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2019 4352 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА №51 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін халық алдындағы есеп беру жиынында Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев хабарлады. 

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 51 мектеп, 50 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша, 30 шағын орталық және 10 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді.  Өткен жылдың өзінде Деркөлде және Зашаған кентінде жаңадан 3 мектеп ашылып, қолданысқа берілді.  Қала бойынша барлық балабақшаларда 15 мың бала тәрбие алуда.  3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен 100 пайыз қамтылған. 2018 жылы 3500 баланы қамтитын 40 жекеменшік балабақша 674 млн. теңгені қамтитын мемлекеттік білім тапсырысына ие болды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Мысалы, 2014 жылы аталған сомма 28 млн. теңгені құраса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 25 есеге артқан. Қаланың барлық мектептері кеңжолақты интернетке қосылған.  «Kundelik» электронды мектеп журналдары жүйесін барлық қала мектептері қолданып келеді. 51 қала мектебі «БІЛІМЛЭНД» порталында оның «Imektep» и «Itest» ресурстарында онлайн режимде жұмыс жасаса, қалалық 3 мектепте және оқушылар сарайында IT сыныптары ашылып, қызмет көрсетуде. Келесі оқу жылына жаңа үлгідегі IT кабинеттерді 30 мектепте орнату  жоспарлануда.

Барлық қала мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған. Ағымдағы жылы мектепке қабылдауды және шағын орталықтарға кезекке қоюды жүргізуге мүмкіндік беретін «мектептер мен шағын орталықтар қызметінің процестерін автоматтандыру» бағдарламасын қолданысқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл Зашағандағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында №51 орта мектептің құрылысы басталады. 900 орындық мектеп осы аудандағы №10, 47 мектептердің жүктемесін азайтып, оқушыларға жайлы жағдай туғызары сөзсіз. Сонымен қатар Зашаған ауданында салынатын тағы екі мектептің ЖСҚ дайындалуда. Болашақ №52 мектеп №30 мектеп ауданында, №53 мектеп «Балауса» және «Болашақ» шағынаудандарынан бой көтереді. Бұдан бөлек Меловые горкидағы №18 мектепке қосымша құрылыс салу жоспарлануда.

Сондай-ақ қала басшысы қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен 600 орынға есептелген эстетикалық бағыттағы гимназияның құрылысы үшін құжаттары дайындалып жатқанынын, апатты деп танылған №31, 33 мектептердің ЖСҚ құжаттары дайын екенін жеткізді.

«ЖАЙЫҚ ҮНІ»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
57 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
133 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
359 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
844 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1222 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1131 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1581 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2196 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2360 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2368 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2418 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2422 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2046 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2903 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2957 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2951 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3564 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3532 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3523 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3498 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3658 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»