8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2019 2599 0
Қалалықтар қаперіне

ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР КӨШЕСІНЕ АЙНАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін халық алдындағы есеп беру кездесуінде Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев толығырақ айтып берді. 

Шаһар басшысының сөзінше, Орал қаласының Бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында 3-ТЖЖ жасақталып, бекітілген. Бұл «Ескі қала», «Орталық», «Солтүстік» аудандарды қамтиды.

Басты мақсат – қаланың ескі аумағының тарихи келбетін, құрылымын, тарихи ескерткіштерге жататын бірегей ғимараттарды сақтай отырып, «Ескі қала» ауданының заманауи сәулет-жобалау құрылымын қалыптастыру. Сондай-ақ болашақта ірі сауда кешендерін қайта салу, саябақтар мен тынымбақтардың алаңын, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдарын ұлғайту көзделіп отыр. Алдағы уақытта  Достық даңғылын жаяу жүргіншілер көшесі ету жоспарлануда, бұл тарихи ескерткіштердің келбетін айшықтап, көлік құралдарының жүктемесін азайтады. Осы ауданда жаңа тұрғын үй құрылысын және әлеуметтік, транспорттық, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту да қарастырылуда.

– «Ескі қала» ТЖЖ-ның негізгі басымдықтарының бірі – ескі үйлерді сүру кезіндегі құрылысты реттеу. Ескі үйлердің көпшілігі қала орталығында орналасқан. Бүгінде ТЖЖ-ны жүзеге асыруды бастадық. Ескі үйлерді сүру мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі негізінде атқарылады. ТЖЖ-ға сәйкес біз үйлердің, аурухананың және басқа да әлеуметтік нысандар құрылысын реттейтін боламыз, –  деді Мұрат Рахметұлы.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»