ЧЕМПИОНҒА ТАРТУ
Қазталов ауданының атымтай жомарт азаматтары жерлестері, әлем чемпионы Нұрбол Серіковке Орал қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйлағанын жазған едік. Бүгін, 8 ақпан, жұма күні заңды түрде құжаттарын рәсімдеп, Нұрболды жаңа құтты қоныс пәтеріне кірді. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Аманбаева Әсия Рахымқызы арнайы құтты болсын айтып, шашу шашты.


– Қос өзен ауданында, елін мақтан тұтқан, елім деген жігітті ,ел көтеретін жалғасын тапқан үрдіс бар. Елдің атын – ер шығарады, Нұрбол енді тек осылай алған бағытынан таймасын, кейінгі жасөспірім жастар осы Нұрбол ағасындай жеңістің тұғырынан көрінсе, біздер тартынып қалмаймыз. Біз секілді қанша кәсіпкерлер бар, осы үрдісті жалғастырып, жеңімпаздарымызға қолдау көрсетсе, әлі талай додадан қазақ жігіттері жеңіске ынталанып, еліміздің байрағын көкте желбіретініне сенім мол, – дейді бірауыздан демеушілік жасаған азаматтар.
Нұрбол Серіков – өткен жылдың қарашасында Румынияда өткен додада әлем чемпионы атанды. Екінші сыныпта оқып жүрген кезінен ауылдағы күрес мектебіне барған. Алғашқы жаттықтырушысы Стамғазиев Жеңіс Қанатұлы. 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтаған.
Бала кезінен спортқа құмар бала, бапкерлерінің сенімін ақтап, Қазақстан бойынша он бірінші, Батыс Қазақстан облысы бойынша төртінші, ал Жалпақталдан шықан самбодан бірінші әлем чемпионы.
Айта кетейік, чемпионға баспана сыйлауға Тұрарбек Тілемісов, Әлібек Сартаев, Қайнар Есмұханов, Александр Қарағойшин, Самат Хасанов, Берік Құрманғалиевтар демеушілік жасады.



Рафхат Халелов, Орал қаласы.
Фотосуреттерді түсірген автор.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу