8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 2883 0
Жалын

ЧЕМПИОНҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Қазталов ауданынан шыққан бір топ кәсіпкерлер әлемдік бәсекеде еліміздің көк байрағын көтеріп жүрген батысқазақстандық самбошы Нұрбол Серіковке екі бөлмелі пәтер сыйлады. Бүгін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен Жастар жылының салтанатты ашылу жиынында чемпионға пәтер кілті табысталды.    

Нұрбол Серіков – 1993 жылы БҚО Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген.  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Нұрбол Нәсіпкерейұлы – өткен жылдың қарашасында Румынияның Бухарест қаласында өткен чемпионатта самбодан әлем чемпионы атанды. 68 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбол финалда әзірбайжан палуанынан басым түскен еді.

Чемпионға пәтер сыйлауға «Орал транс» ЖШС басшысы Тұрарбек Тілемісов, «Жиенбай» ЖШС-ның директоры Александр Қарағойшин, «Ақсайстройсервис» ЖШС Қайнар Есмұханов, «Сартаев» ЖК-ның басшысы Әділгерей Сартаев, Самат Хасанов және Берік Құрманғалиев есімді кәсіпкер азаматтар демеушілік көрсеткен.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
262 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
600 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
316 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»