ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚТЫРҒАН АНА МЕН БАЛА КӨБЕЙДІ
Орал қаласы бойынша балалар және босанған әйелдер арасында туберкулез ауруы көбейді.

Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2017 жылы өңірде осы аурудың 158 жағдайы анықталса, 2018 жылы 159 ауру тіркелген. Бұл ауруға көбінесе еңбекке қабілетті жастағы адамдар шалдығуда. Еңбек жасындағы адамдардармен қатар жастар мен балалар арасында да ауру анықталуда. Мәселен, былтыр жоғары және арнаулы орта білім беретін ұйымдарында оқитын 14 студенттің ауруға шалдыққаны белгілі болды. Соңғы жылдары ата-аналардың жаңа туған сәбилерге перзентханада салынатын туберкулезге қарсы екпеден бас тартуы салдарынан балалар арасында аурушаңдық аурушаңдық артты. 2017 жылы – 1 жағдай анықталса, өткен жылы 3 бала тіркелді. Босанған әйелдер арасында да туберкулез ауруы өршіп тұр. 2017 жылы – 3 жағдай болған болса, 2018 жылы бұл бірден 3 есеге артып, 9 әйелдің ауырғаны анықталып отыр.
Мамандар көбінесе әйелдер өз денсаулығына салғырт қарауынан ауру пайда болатынын айтады. Ал жүктілік кезінде әйелдердің иммунитеті әлсірейтінін ескеру керек. Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Д.Жұмағазиеваның айтуынша, қақырықты түкірмеу – жұқтырылған Кох таяқшасы болуы ықтимал шаңды жұту арқылы аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет. Аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасын сақтау, тазалықты сақтаутабиғат аясында демалу, зиянды әдеттерден аулақ болуы аса маңызды.
«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу