ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ БҚО-ДА 54 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
2018 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 697 өрт болып, онда 11 адам қаза болған. Шығынның жалпы соммасы 6 млн. 614 мың 327 теңгені құраған. Биылдың өзінде 54 өрт оқиғасы орын алған. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында өткен баспасөз мәслихатында БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев мәлім етті.

– 2019 жылдың өткен кезеңінде БҚО аумағында 54 өрт болып, онда 3 адам қаза болды, қазіргі кезде өлімнің себебі анықталуда. Шығын соммасы 5 млн. теңгеден асты. Өрттерде жарақаттанған адам саны – 1. Қаза болған және жарақаттанған балалар тіркелмеді, – деді Ж.Жұмашев.
Жылыту кезеңі басталғалы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық бөлімдер қызметкерлері, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы 27 346 тұрғын үйлерге, шаруашылық құрылыстарына аула аралау шолуын жүргізді, оларда жылыту пештерін, газ жабдықтарын және электржылытқыш құрылғыларын тиісті өртке қарсы күйге келтіру бойынша жеке үй секторының 63 527 тұрғынына түсіндірме жұмысы жүргізілді, 127 мың жаднама мен ұсыныс таратылды. Халықтың 2373 адамын қамтыған 301 жиын өткізілді.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу