8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2026 35 0
Құттықтаймыз!

Медицина қызметкерлері марапатталды

Республика күні қарсаңында облыс әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. Салтанатты шарада денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілері, «Салаға қосқан үлесі үшін» медалі, облыс әкімінің алғыс хаты және Құрмет грамотасымен марапатталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел дамуы адам капиталының сапасы мен азаматтардың әл-ауқатына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, медицина қызметкерлерінің еңбегі айрықша маңызға ие. Халықтың денсаулығын сақтау, қолжетімді медициналық көмек көрсету және өмір сүру сапасын арттыру – ортақ міндетіміз, – деді Тілепберген Каюпов.

Сондай-ақ Тілепберген Каюпов денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сала мамандарын қолдау және заманауи медициналық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
35 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
101 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
150 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»