8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2026 77 0
Өңір жаңалықтары

Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды

Республика күні қарсаңында Ақжайық ауданындағы Қабыршақты ауылында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, аудан басшылығы және ауыл тұрғындары қатысты.


Жаңа нысанның бой көтеруі – ауылдың мәдени-рухани өміріндегі маңызды жаңалық. Себебі 1961 жылы салынған бұрынғы мәдениет үйі уақыт өте келе тозып, апатты жағдайда деп танылған болатын.

Құны 376 млн теңгені құрайтын жобаны «АлТим» ЖШС жүзеге асырды. Заманауи ғимаратта 100 көрерменге арналған зал қарастырылған.

Салтанатты жиында Қайыржан Меңдіғалиев облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің ақжайықтықтарға арналған құттықтауын жеткізді.

«Ауылдың ажары көрікті келбетімен ғана емес, рухани байлығымен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа нысанның ел игілігіне берілуі Қабыршақты ауылының әлеуметтік-мәдени өміріндегі айтулы өзгеріс екені сөзсіз. Баршаңызды аймақ басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен шаттық тілеймін. Мәдениет үйі бірлік пен береке, өнер мен өнегенің ордасына айналғай!», – деді ол.

Жаңа мәдениет үйінің ашылуында ауыл тұрғындары да сөз алып, өңір басшылығына және нысанның жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Қонақтар ғимаратты аралап, өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Мәдениет ошағына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан 10 домбыра табысталды. Сондай-ақ жаңа нысанның ауласына қарағай көшеттері отырғызылды.

Айта кетейік, соңғы үш жылда Ақжайық ауданындағы Жамбыл, Мерген және Бударин ауылдарының мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтті. Көнеккеткен ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Ал 2023 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында 17 мәдениет нысаны жаңадан бой көтерді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
77 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
136 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
288 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»