8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2026 54 0
Без рубрики

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қандай мүмкіндіктер береді?

2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшінеенген «Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңмемлекеттік қызмет жүйесін одан әріжетілдіруге бағытталған. Құжатта мемлекеттікқызметке қабылдау тәртібін жеңілдету, кадрларды іріктеудің ашықтығын қамтамасызету, цифрлық технологияларды кеңіненқолдану және жас мамандарға жаңамүмкіндіктер беру мәселелері қамтылған.


Жаң
а заңның ерекшеліктерінің бірі –мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдеріназаматтар үшін қолжетімді әрі түсінікті ету. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардыңкадрлық әлеуетін нығайтуға және кәсібимамандарды тартуға басымдық берілген.

Осы өзгерістердің мазмұны, мемлекеттікқызметке іріктеудің жаңа тәртібі және жасмамандарға қарастырылған мүмкіндіктертуралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңБатыс Қазақстан облысы бойыншадепартаментінің Мемлекеттік қызметбасқармасының басшысы Венера Масимовасауалдарымызға жауап берді.

– 2026 жылғы 1 шілдеден бастапмемлекеттік қызмет туралы жаңа заң күшінеенді. Бұл заңның қабылдануына не себепболды және оның негізгі мақсаты қандай?

– 2026 жылғы 1 шілдеден бастап«Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызметі туралы» жаңа Заң күшіне енді. Бұлмемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға жәнеоның жұмыс істеу тәсілдерін қазіргі талаптарғабейімдеуге бағытталған маңызды өзгерістердіңбірі.

Заң 2024-2029 жылдарға арналғанМемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасынегізінде әзірленді. Аталған тұжырымдамадамемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру, кадрларды басқару жүйесін жетілдіру жәнемемлекеттік қызметтің азаматтарғабағдарланған моделін қалыптастыру міндеттеріайқындалған.

Жаңа заңның негізгі бағыттарының бірі –сервистік және клиентке бағдарланғанмемлекеттік қызмет моделіне көшу.

Бұл дегеніміз, мемлекеттік органдар өзжұмысын ұйымдастыру кезінде ең алдыменазаматтардың қажеттіліктері мен заңдымүдделерін ескеруі қажет. Мемлекеттікқызметші үшін белгіленген рәсімдердіорындаумен қатар, азаматтың мәселесін заңшеңберінде қарау, қажетті ақпаратты түсініктіжеткізу және негізсіз бюрократиялықкедергілерге жол бермеу маңызды.

Сонымен қатар, заңда мемлекеттікаппаратты кәсібилендіруге және кадрлықпроцестерді цифрландыруға ерекше назараударылған.

Мемлекеттік қызметке білікті мамандардытарту, олардың кәсіби қабілеттерін объективтібағалау және қызметке қабылдау рәсімдерінбарынша ашық жүргізу осы өзгерістердің негізгіміндеттерінің қатарына жатады.

– Жаңа заңда мемлекеттік қызметкеіріктеу тәртібіне қандай өзгерістеренгізілді? Бұрынғы жүйеден қандайайырмашылығы бар?

– Мемлекеттік қызметке қабылдаутәртібіндегі маңызды өзгерістердің бірі –цифрлық іріктеу форматын заңнамалықтұрғыдан бекіту.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіарқылы жүзеге асырылады.

Бұл жүйе мемлекеттік қызметке орналасуғаниетті азаматтарға конкурстық рәсімдерденцифрлық форматта өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үміткерлерді бағалау кезіндебірыңғай талаптарды қолдануға және іріктеунәтижелерінің объективтілігін арттыруғабағытталған.

Цифрлық іріктеудің бірнеше маңыздыерекшелігі бар.

Біріншіден, конкурстық рәсімдердің мерзіміқысқартылды. Қазіргі тәртіп бойынша іріктеумерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін азайтылған. Бұлбос лауазымдарды толықтыру процесінжеделдетуге және үміткерлердің конкурс нәтижесін ұзақ күтпеуіне мүмкіндік береді.

Екіншіден, іріктеу барысында үміткерлердіңдербес деректері жасырылады. Мұндай тәсілкандидаттарды бағалау кезінде олардың жекебасына қатысты мәліметтердің ықпалыназайтуға бағытталған.

Үшіншіден, жүйе бағалау нәтижелерібойынша үздік бес үміткерді автоматты түрдеанықтайды. Бұл кандидаттарды іріктеуде нақтыкөрсеткіштерге сүйенуге және субъективтішешімдердің ықпалын шектеуге мүмкіндікбереді.

Бұдан бөлек, тестілеу кезінде прокторингжүйесі қолданылады. Ол тестілеу процесінбақылауға және белгіленген талаптардыңсақталуын қамтамасыз етуге арналған.

Жалпы, цифрлық іріктеудің мақсаты –мемлекеттік қызметке орналасуда барлықүміткерге тең мүмкіндік беру, конкурстықрәсімдердің ашықтығын арттыру жәнебюрократиялық кедергілерді барынша азайту.

– Кейбір мемлекеттік органдарда бос лауазымдар ұзақ уақыт бойы толтырылмайжатады. Жаңа заңда осы мәселені шешугеқатысты қандай талаптар қарастырылған?

– Иә, мемлекеттік органдардағы бос лауазымдарды уақытылы толықтыру кадрлықжұмыстың маңызды бағыттарының бірі болыпсаналады.

Өйткені белгілі бір лауазымның ұзақ уақытбос тұруы мемлекеттік органның жұмысынұйымдастыруға, қызметкерлер арасындағыміндеттерді бөлуге және жүктеменің артуынаәсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты жаңа заңда бос лауазымдарға конкурс жариялау тәртібінеқатысты нақты талап қарастырылған.

Атап айтқанда, егер әкімшілік мемлекеттіклауазым үш айдан астам уақыт бос тұрса, оғанконкурс мемлекеттік цифрлық кадр жүйесіарқылы автоматты түрде жариялануы тиіс.

Бұл талап бос лауазымдарды толықтырупроцесін жүйелеуге және конкурстықрәсімдердің уақытылы басталуын қамтамасызетуге бағытталған.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардыңкадрларға деген қажеттілігін айқындауға жәнебос орындарды толықтыру жұмысын тиімдіұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Яғни бос лауазымдарды толықтыру тек жекелеген мемлекеттік органдардыңбастамасына ғана тәуелді болмай, цифрлықжүйе арқылы белгіленген тәртіппен жүзегеасырылады.

– Жаңа заңда жас мамандарға ерекшекөңіл бөлінгені айтылып жүр. Жоғары оқуорындарының түлектері үшін қандаймүмкіндіктер қарастырылған?

– Жаңа заңдағы маңыздыжаңашылдықтардың бірі – жоғарыакадемиялық көрсеткіштері бар түлектердіконкурссыз мемлекеттік қызметке қабылдаумүмкіндігінің кеңейтілуі.

Бұл тетік мемлекеттік қызметке қабілетті, білімді және кәсіби дамуға ұмтылатын жасмамандарды тартуға бағытталған.

Бұған дейін мұндай мүмкіндік мемлекеттікбілім беру тапсырысы негізінде оқыған жәнежоғары академиялық нәтижелерге қолжеткізген түлектерге қарастырылған болатын.

Ал 2026 жылғы 1 шілдеден бастап аталғанмүмкіндік ақылы негізде білім алған түлектергеде кеңейтілді.

Яғни жоғары оқу орнында грантпен немесеақылы негізде білім алғанына қарамастан, белгіленген талаптарға сәйкес келетін түлектермемлекеттік қызметке конкурссыз орналасумүмкіндігін пайдалана алады.

Бұл ретте негізгі талаптардың бірі – оқуүлгерімінің орташа балы, яғни GPA көрсеткішікемінде 3,33 болуы.

Дегенмен бұл мүмкіндік барлық мемлекеттіклауазымдарға бірдей қолданылмайды.

Заңнамаға сәйкес, мұндай тағайындаулараудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының жекелеген төменгі, басшылықемес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарынақатысты жүзеге асырылады.

Тағы бір маңызды шарт – түлек оқу орнынаяқтағаннан кейін бір жыл ішінде осы мүмкіндікті пайдалануы қажет.

Бұл жерде конкурссыз қабылдаумемлекеттік қызметке қойылатын барлықталаптардан босату дегенді білдірмейтінінтүсіну маңызды. Үміткер тиісті лауазымғақойылатын біліктілік талаптарына жәнезаңнамада белгіленген өзге де шарттарғасәйкес келуі тиіс.

Аталған өзгерістің негізгі мақсаты – жоғарыакадемиялық нәтижелерге қол жеткізгенжастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың еңбек жолын бастауына жағдай жасаужәне аудандық, ауылдық деңгейдегімемлекеттік органдарды жас мамандарменқамтамасыз ету.

– Батыс Қазақстан облысындатүлектерді конкурссыз қабылдау тетігіқандай нәтиже берді? Осы мүмкіндікарқылы қанша жас мемлекеттік қызметкеорналасты?

– Батыс Қазақстан облысында жоғарыакадемиялық көрсеткіштері бар түлектердіконкурссыз мемлекеттік қызметке қабылдаутетігі 2023 жылдан бастап қолданылып келеді.

Осы уақыттан бері облыстың аудандықжәне ауылдық деңгейдегі мемлекеттікоргандарына аталған мүмкіндік арқылы 106 түлек қабылданды.

Бұл көрсеткіш жас мамандардыңмемлекеттік қызметке орналасуына мүмкіндікберетін тетіктің өңірде қолданылып отырғанынкөрсетеді.

Әсіресе аудандық және ауылдық деңгейдегімемлекеттік органдар үшін жас кадрлардытартудың маңызы зор. Себебі бұл деңгейдегімемлекеттік қызметшілер халықпен тікелейжұмыс істейді, азаматтардың күнделіктімәселелерін шешуге қатысады жәнемемлекеттік саясаттың жергілікті жерлердежүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Сондықтан мемлекеттік қызметке кәсібибілімі бар, жаңа технологияларды меңгергенжәне жауапкершілікті сезінетін жастардың келуімаңызды.

Сонымен қатар, бұл мүмкіндік жоғары оқуорындарының түлектеріне алған білімінтәжірибеде қолдануға, кәсіби дағдыларындамытуға және мемлекеттік басқарусаласында еңбек жолын бастауға жағдайжасайды.

Жалпы, мемлекеттік қызметке орналасудыжоспарлап жүрген жастарға бос лауазымдартуралы ақпаратпен алдын ала танысып, біліктілік талаптарын зерделеуге жәнезаңнамада қарастырылған мүмкіндіктердітиімді пайдалануға кеңес береміз.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
77 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
136 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
288 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»