8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2019 2192 0
Қоғам

ИМАМДАР ӨТКЕН ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРДІ

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан имамдарының жиыны өтіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланды.

Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың басшылығымен өткен дәстүрлі жиынға  аудан, екі қаланың имамдары қатысты. Мұндағы мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау.

Имамдар жылдық есептерін баяндап, жоспарларын ортаға салды.

Имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы, жағдайы төмен отбасыларға көмек шараларын ұйымдастыруы, мешітте уағыз-насихат жүргізу, елді ынтымаққа шақыра білу, жастармен кездесулер өткізу  мәселелері талқыланды.

Имамдардан жылдық есеп алу барысында өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы өз ісін жауапты және ойдағыдай атқарған имамдарды ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Жиналыста имамдардың ұсынысы, алдағы жұмыс жоспарлары да тыңдады. Жиналыс соңын қатысушылар Жаратқаннан  жылдың да жемісті болуын тілеп, дұғамен аяқтады.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»