Ұлы ақын мұрасы ұлықталды
Батыс Қазақстанда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды шаралар жалғасуда. Орал қаласында ақын ескерткіші маңында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты мәдени іс-шара өтті.
Рухани кешке облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және жастар жиналды. Жиын барысында Абай шығармашылығының бүгінгі қоғам үшін мәні мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны сөз болды.
Облыс әкімінің орынбасары қатысушыларды Абай күнімен құттықтап, ақынның мол мұрасын кейінгі буынға жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен жастардың рухани дамуына жағдай жасау – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырудың маңызды бағыттарының бірі.
Қайыржан Меңдіғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастар арасында кітап оқуды кеңінен насихаттауға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Президент көтерген «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы мен «Зерделі ұлт» қалыптастыруға бағытталған бастамалардың мәніне тоқталып, бұл үдерісте Абай шығармаларын оқып, оның тағылымын жас ұрпақтың санасына сіңірудің маңызы зор екенін жеткізді.
Шара барысында ақынның шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды. Қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ облыстық «Абай оқулары» байқауында үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды. Ашық аспан астында өткен мәдени бағдарламада Абайдың әндері орындалып, өлеңдері оқылды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру


