8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2026 280 0
Тағылым

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Абай күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Абай Құнанбайұлы – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Оның өміршең өлеңдері мен қара сөздері ұлттың болмысын танытып, өнер-білім мен адал еңбекке үндейді.

Ұлт ұстазы: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек жылы жүрек керек екенін айтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ғұламаның осы «толық адам» тұжырымын қайта зерделеудің маңызына тоқталды. Президент атап өткендей, осы үш ұғым – қазақ халқының өмірлік философиясы.

Кейінгі жылдары еліміз ауқымды саяси жаңғыртудың бірнеше кезеңінен өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен Халықтық Конституция қабылданып, заңды күшіне енді. «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы нақты істер мен батыл бастамалар, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы – Абай аңсаған кемел қоғамның көрінісі.

Біздің өңір қашанда өнер мен білімнің, өркениет пен мәдениеттің тоғысқан өлкесі ретінде белгілі. Жаңа серпінмен алға басқан Жайық жерінде де жарқын істер аз емес. Осы орайда, жастарымызды білімді, жауапкершілігі жоғары, отаншыл етіп тәрбиелеуде ұлы ойшылдың мұрасы бізге сарқылмас қуат береді.

Әр шаңырақ бақ-ырысқа кенеліп, ел игілігі жолындағы ортақ еңбек берекелі болғай! Абай тағылымы, өсиет-өнегесі баршамызды жаңа биіктерге жетелей берсін!

Абай күні құтты болсын!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
153 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
189 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»