Жылу желісінің жаңаруы – тұрғындар игілігіне
Орал қаласындағы жылу инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта қолға алынған №6 жылу магистралін қайта құру жобасының қазіргі орындалу көрсеткіші 90%-дан асты. Жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев нысанға барып, құрылыс барысын көрді. Мердігер ұйым өкілінің мәліметінше, магистральдің 1,8 шақырым учаскесіне диаметрі 530 мм жаңа құбырлар тартылуда. Негізгі жұмыстарды 15 тамызға дейін аяқтау көзделген. Құрылыс аяқталған соң аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Нысанды аралау кезінде облыс әкімі жобаның орындалу барысына оң бағасын берді. Оның айтуынша, жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы ғана емес, сапалы орындалуы да маңызды.
– Жобаны толық аяқтауға 1 қыркүйекке дейін уақыт беріп отырмыз. Нысанды қабылдау кезінде қандай да бір кемшілік анықталса, оны жылыту маусымы басталғанға дейін түзетуге мүмкіндік болады. Ең бастысы – тұрғындар жылу жүйесінің тұрақты әрі сенімді қызметін сезінуі қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ұлттық жобаның негізгі мақсаты да – осы. Жылу инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да кезеңімен жалғасын табады, – деді өңір басшысы.
Жоба толық іске қосылғаннан кейін 22 мың тұрғын сапалы жылу қызметіне қол жеткізеді. Сонымен қатар аталған магистраль арқылы 10 бюджеттік мекеме мен 106 көппәтерлі тұрғын үй жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру

