Оралда Ақсұңқардың шығармашылық кеші өтті
Кеше Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының камералық залында ақын, әнші Ақсұңқар Ақынбабақызының «Алтайменен Ақжайықтың арасы» атты жеке шығармашылық ән-жыр кеші өтті.
Әдеби-сазды кеш ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шағын бейнефильммен басталды. Одан әрі сахна төрінде қаламгердің жүрекке жақын өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған авторлық әндері шырқалды. Кеш барысында филармония әртістері Кенесары Болғанбаев, Тұрлыхан Абуханов, сондай-ақ Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері де өнер көрсетті.
Ақсұңқар Ақынбабақызы – Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының өркендеуіне өзіндік қолтаңбасымен үлес қосып келе жатқан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, аударма саласы бойынша «Алтын көпір» халықаралық байқауының лауреаты. Сонымен қатар Алтай қазақтарының ән өнерін насихаттап жүрген өнер иесі, «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар», «Жанартау» жыр жинақтарының авторы.
Шығармашылық жолында ақын 2002 жылы Алматы қаласында жеке жыр кешін өткізіп, қазақ ақын қыздарының арасында Тәуелсіздік кезеңінде сахнаға өзіндік үнмен шыққан тұлғалардың бірі ретінде танылды. Араға жылдар салып, 2024 жылдан бастап «Алтай – Алатау арасы» атты авторлық ән-жыр кешімен сахнаға қайта оралып, еліміздің бірқатар өңірінде шығармашылық сапармен болды. Алматы, Қонаев, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында өткен кештерден кейін ақын бұл жолы Ақжайық өңірінің тыңдарманымен қауышты.
Кеш соңында облыстық академиялық филармония басшысы Бауыржан Халиолла ақынға құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Ұжым атынан Алғыс хат пен гүл шоғын табыстап, иығына қамзол жапты. Бұл – өнер адамына жасалған ізет қана емес, қазақ поэзиясына, ұлттық рухқа, Алтайдан Ақжайыққа дейін жалғасқан рухани көпірге көрсетілген құрметтің көрінісі.
Алтайдан бастау алған сырлы өнер осылайша Ақжайық төрінде жалғасын тауып, жиналған жұртқа сағынышқа толы, жүрекке жылы рухани кеш сыйлады.
Әдемі Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру







