8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2026 340 0
Тағылым

Зинатолла зейнеткерді құттықтады

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай Қалиев пен қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин еңбек ардагері Зинатолла Хамидоллаұлын үйіне іздеп барып, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

Зинатолла Хамидоллаұлы зейнеткерлік жасқа шыққанға дейін, яғни,   2003-2012 жылдары Орал қалалық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы қызметін атқарып, қаржы тәртібі мен қоғамдық бақылау саласында нәтижелі жұмыс жүргізді.

Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосты. Ел игілігі жолындағы табанды еңбегі мен жауапкершілігі әріптестеріарасында әрдайым жоғары бағаланды.

Ел ағасымен жылы жүздесуде естелік сыйлық табысталып, Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов пен қалалық мәслихат төрағасы Есентай Қалиевтіңатынан арнайы құттықтау хат ұсынылды. Қала басшылығы ардагердің көпжылдық еңбегіне ризашылық білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тіледі.

Ұзақ жылдар Орал қалалық «Жайық үні» газеті редакциясымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, жергілікті басылымды  Зинатолла Хамидоллаұлы үнемі қолдап отыратын. Біз, жақсы адамның жақсылығын әлі күнге ұмытқан жоқпыз. Сондықтан, сексеннің төріне шыққан Зинатоллаақсақалды бізде мерей тойымен шын жүрегімізден құттықтаймыз!

Ақбөбек ЖӘРДЕМ


Құрметті оқырман қауым!

Орал қалалық апталыққоғамдық – саяси «Жайық үні» газетіне 2026   жылдың  алдағы  алты  айына  жазылуды ұмытпаңыздар?!

 

«Қазпошта»  арқылы 6 айға – (жеке  тұлға)  – 3443, 70 т.

«Қазпошта»  арқылы 6 айға   (заңды тұлға) – 4630, 86 т.

 

«Философия Уюта + (ҚазПресса)  Чапаева 1/1 – (жеке тұлға) – 3400 т.

«Философия Уюта + (ҚазПресса) Чапаева 1/1   (заңды тұлға) –   4600 т.

   

«Қазпоштаның» жазылу бөлімінің  телефоны:51-54-56

«Философия Уюта + (ҚазПресса)  телефоны: 25-00-89. 25-00-76.

Жазылу  индексы: 65435;  66435

    Сіздерден хат-хабар күтеміз!

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»