Ел үшін туған Лекер
Майдан даласында батырлығымен, бейбіт өмірде парасатымен із қалдырған азаматтардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, ефрейтор, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Лекер Шалабаев.
Лекер Шалабайұлы 1918 жылы Атырау облысының Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Балалық шағы туған жердің топырағында, ауылдың дарқан тіршілігінің аясында өрілді. Сол жерде білім алып, өмір жолының алғашқы баспалдақтарын аттады. Тағдыр оны жастайынан қайсарлыққа, төзімге тәрбиеледі. 1938 жылы жиырма жасқа толған шағында Үштоған селолық округінен Кеңес армиясы қатарына шақырылып, азаматтық борышын өтеуге аттанады. Әскери міндетін адал атқарып жүрген жас сарбаздың өмірін 1941 жылдың маусымы күрт өзгертті. Ел басына күн туып, фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасаған шақта Лекер Шалабайұлы еш ойланбастан майдан даласына бет алды. Өйткені, Отан үшін отқа түсу – оның азаматтық ары мен намысының өлшемі еді.
Жауынгер Лекер Шалабайұлы 120-шы гаубицалық артиллериялық бригада құрамында ефрейтор ретінде қызмет атқарды. Оның жауынгерлік жолы Ленинград қорғанысынан басталып, Берлинге дейін жалғасты. Ел мен жер үшін көрсеткен ерлігі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол бірнеше мәрте жауынгерлік наградалармен марапатталды: 1942 жылы «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі, 1945 жылы «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі, «Берлинді алғаны үшін» медалі, 1946 жылы Екінші мәрте «Қызыл Жұлдыз» ордені. Бұл марапаттар – тек кеудеге тағылған белгі ғана емес, жауынгердің жүрек қайраты мен ел алдындағы адал қызметінің айқын дәлелі.
Ақбөбек НҰҒМАНҚЫЗЫ
Лекер Шалабаев туралы мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің ертеңгі №19 санынан толықтай оқуға болады.
Оқырман қауым, газетке жазылу басталды. «Жайық үніне» аға-ұрпақтың ерлігі, өнегелі өмір жолы туралы мақала жолдап тұрыңыздар!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңір халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Коммуналдық инфрақұрылым: өңірде жаңғырту жұмыстары жалғасады
БҚО-да ағайынды екі жігіт фитозертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Цифрлық сарбаз: ефрейтор Комрон Тулабоев армия тиімділігін ІТ шешімдер арқылы арттыруда
БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Кіру