8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Мамыр 2026 52 0
Табиғат

Оралда көгалдандыру маусымы қарқын алды

Орал қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және шаһардың көркін арттыру мақсатында көшелер мен қоғамдық аумақтарға гүл егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Қазіргі таңда «Жеңіс» алаңы мен «Батыр қыздар» алаңында көгалдандыру шаралары қолға алынды. Бұл аумақтарға қызыл және ақ түсті петуниялар, сондай-ақ сары барқытгүлдер егілуде. Ашық түсті гүлдер қаланың орталық бөліктеріне ерекше көрік беріп, айналаны ажарландыра түспек.

Гүл егу жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта көктемгі көгалдандыру кезең-кезеңімен жалғасып, шаһардың өзге де аумақтарына түрлі гүл көшеттері отырғызылады. Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау, суару және тазалық сақтау шаралары тұрақты түрде атқарылатын болады.

Мұндай жұмыстар қаланың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, экологиялық ахуалды оңалтуға және тұрғындар үшін қолайлы кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ә.Бақытжанқызы

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Отанға адал азамат
06 Мамыр 2026
23 0
Өңір жаңалықтары
Еліміздегі ең ірі кеме Каспийге аттанды
05 Мамыр 2026
85 0
Мәдениет
Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
04 Мамыр 2026
145 0
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
98 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
71 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
223 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»