8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2019 2032 0
Без рубрики

«АЙЫППҰЛ САЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ ЖОҚ»

Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен бұйрығы жоқ.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер арқылы себепсіз сабақтан қалған оқушыға айыппұл салынаты туралы хабарламалар таралуда. БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бұл ақпараттың жалған екенін айтып, ата-аналарды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырды.

– Әлеуметтік желілер арқылы түрлі ақпараттар таралады. Оның барлығы қаншалықты дұрыс-бұрыс екенін әр сауатты адам салмақтай білуі керек. Сабақтан қалған оқушыға айыппұл салынатыны туралы Білім және ғылым министрлігінің ешқандай бұйрығы жоқ. Яғни жалған мәлімет. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы бойынша айыппұл салу ҚР ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ заңының 127 бабында көрсетілген. Яғни, бала 10 күннен астам уақыт еш себепсіз мектепке келмесе, бірінші кезекте ата-анасымен жұмыс жүргізіледі. Жағдай тағы да қайталанса, мектеп әкімшілігінің ұсынысымен баланың мәселесі жергілікті әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады,  – деп түсіндірді Шолпан Маратқызы.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»