БҚО-ДА ҮШ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
БҚО-да төрт мектеп үш ауысымда жұмыс жасауда. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова өңірдегі апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесінің шешілуі туралы айтты.

2018 жылы облыста 7 білім нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Атап айтқанда, Орал қаласы Деркөл кентінде 600 орындық мектеп, Зеленов ауданы Дариян ауылында 100 орындық мектеп жанындағы интернатымен 300 орындық мектеп, Орал қаласының Зашаған кентінде 900 орындық мектеп, Ақжайық ауданының Шабдаршап ауылында 198 орындық мектеп, Бөкейордасы ауданы Сайқын аулында 70 орындық интернат, Қазталов ауданы Қазталов ауылында саз мектебі, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында 240 орындық балабақша пайдалануға берілді.
Бүгінде Теректі ауданының Сары Өмір ауылында 48 орындық сауықтыру лагері ғимаратының құрылысы жалғасуда.
2018-2019 оқу жылының басында облыста 5 апаттық жағдайдағы мектеп жұмыс жасады. Олар – Орал қаласы бойынша №31, 33 орта мектептер, Ақжайық ауданы Абай атындағы гимназиясы және М.Өтемісов атындағы орта мектеп, Қазталов ауданы А. Оразбаева атындағы орта мектеп. Мектептердің апаттылығын жою мақсатында 2 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Яғни биыл Қазталов ауданы Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектеп, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталады.
Шолпан Маратқызының айтуынша, 2018-2019 оқу жылының басында 5 үш ауысымды мектеп анықталса, 2018 жылдың 4 тоқсанында Зашаған кенті Сарытау шағынауданында 900 орындық №50 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымды мектептер саны 1 бірлікке азайған.
Қазіргі таңда, Орал қаласының аумағында орналасқан 4 мектеп үш ауысымда жұмыс жасауда. Биыл Орал қаласы Зашаған кентінде №51 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Осылайша, үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу жұмыстары жалғасатын болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу