8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2025 5242 0
Білім

Белгілі режиссермен кездесті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 3 сәуір күні университет түлегі, белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театры актерлерімен шығармашылық кездесу өтті.


Ашық диалог форматында студенттер мен оқытушылар театр өнерінің қыр-сырымен танысып, актерлердің шығармашылық жолы, режиссерлік көзқарастар туралы құнды мәліметтер алды. Ас
хат Маемиров өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи театр өнерінің даму тенденциялары мен мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы жайында сөз қозғады.

Театр актерлері өз кәсібінің ерекшеліктері, сахна шеберлігінің қыр-сыры мен табысты өнер көрсетудің құпиялары туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ кездесуде шағын театрлық этюдтер көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Кездесу барысында жас мамандардың өнер саласын дамытудағы рөлі ерекше аталып өтті. Қонақтар студенттерді шығармашылық ізденістен қорықпауға шақырып, қазақ театры мен киносының болашағы дарынды жастардың қолында екенін атап өтті.

Кездесу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Қатысушылар өнер майталмандарына құнды кеңестері мен кәсіби бағыт-бағдары үшін алғыстарын білдірді.

Махамбет университеті алдағы уақытта да танымал мәдениет қайраткерлерін шақырып, студенттерге тәжірибе алмасу және шабыт алу мүмкіндігін ұсынуды жалғастырады.

М.Өтемісов атындағы БҚУ баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»