«Журналист мамандығы – жауапты қызмет»
Осындай атаумен 23 қаңтар күні Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Елеулі есімдер» жобасы аясында Мәдениет саласының үздігі, Ақпарат саласының үздігі, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Гүлмира Тілеубаевамен кездесу кеші өтті.

Шарада танымал тұлға Қатимолла Бердіғалиевке алдымен сөз кезегі беріліп, жерлес ағасы кішкентай Гүлмираның балалық және студенттік шақтарынан естелік айтып берді.
Сол секілді БҚО қоғамдық даму басқармасы бастығының орынбасары Г. Шөкеева, БАҚ өкілдері – Б.Ғұбайдуллин, А.Ғұбашев, К.Қамбетовалар әріптесінің еңбегіне, отбасылық өміріне, деректі фильм түсірудегі редакторлық ізденісіне тоқталды.
Аталмыш кеште Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбешова, «АМАНАТ» партиясының өкілі А.Семғалиева және Тасқала аудандық филиалының төрайымы Л.Жұбанышқалиева Алғыс хат табыстады.
Сондай -ақ, «Қазақрадиосы» мен ҚАЗМҰУ-дағы курстастары құттықтауларын жолдады.Шарада Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншілері Ж.Хасанова,М.Хайдарова,Д.Бақытова,Е.Өтегенов,А.Хайырхановтар әуелете ән шырқады. Ақын Айнабек Сағынтайұлы жүргізген кеш соңында Г.Тілеубаева көрермен қауымға, әріптестері мен 10 жылдық тарихы бар Қадыр сарай ұжымына алғысын білдірді.
«Жайық Үні»
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру