БҚО-ДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
БҚО бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында облыстық олимпиаданың жүлдегерлері марапатталды. Дәстүрлі білім додасының үздіктерін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтады. Сондай-ақ салтанатты марапаттау шарасына қазылар құрамы қатысып, жүлдегерлерге дипломдарын табыс етті.



– Пәндік олимпиада оқушылардың білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Сондай-ақ олимпиада мектеп оқушыларының дарынын ашып, республикалық деңгейде болашақтарына, ЖОО-на түсулеріне жол ашады. Облысымызда білім саласына өте жақсы көңіл бөлінуде. Мектептер салынып, компьютерлік сыныптар ашылып жатыр. Қала мен ауыл мектептерінің деңгейін теңестіру мақсатында шалғай ауылдағы білім ұяларына BILIMBOOK құрылғылары алынды. Бұл цифрлық ресурстар кез келген тақырыпты ашып көрсетуге, әлемдік тәжірибені қолдануға мүмкіндік туғызып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев егемендік алған уақыттан бері жастарымыздың білім алуына қолжетімді жағдай жасауға ықпал етіп келеді. Білімнің арқасында біз болашағымызды жарқын ете аламыз. Мәселен, дамыған мемлекеттер интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеудің арқасында бүгін үлкен экономикалық жетістіктерге жетуде. Солардың бірі – Жапония цифрлық электроника саласын жақсы дамытуда. Сондықтан еліміздің болашағын қалыптастыруда өскелең ұрпақтың білімге көбірек көңіл бөлуі маңызды. Сіздерден күтер үмітіміз мол. Болашақ көшбасшылар осы арамызда отыр деп сенеміз, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.
Білім сайысында барлық аудан, қала және облыстық мектептерден 410 оқушы бақ сынады. Екі күнге созылған олимпиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты оқушыларының бәсі биік болды. Ал дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені – екінші орынға ие болды. Орал қаласының командасы үздіктер үштігін түйіндеді. Ал аудандар арасынан сырымдық шәкірттер жақсы нәтиже көрсетті.
Жалпы 13 пән бойынша 55 оқушы алғыс хатқа ие болды. 70 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломмен, 48 оқушы – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 31 оқушы – бірінші орынға ие болды. Жүлдегерлерге білім басқармасы атынан бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ шәкірттері жүлдегер атанған ұстаздарға облыстық білім басқармасы басшысының алғыс хаттары ұсынылды.
Жеңімпаздар республикалық олимпиадада Ақ Жайық өңірінің намысын қорғайтын болады. Олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі наурыз айында жаратылыстану-математика бағыты бойынша Ақтөбе қаласында, қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша Қызылорда қаласында өтеді.
Марапаттау шарасы өнерлі өрендердің концерттік бағдарламасымен айшықталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу