Қазақстанда газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда газ бағасы көтерілуі мүмкін екенін айтты.

Министрдің сөзінше, қазір Қазақстанда тауарлық газдың орташа құны мың текше метріне – 33 мың 169 теңге. Бұл ретте тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы – 23 мың 646 теңге.
«Газ саласына инвестиция тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында тұрғындар үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеуді ескере отырып, газ бағасын кезең-кезеңмен көтеру қажет», – деді министр.
Министр Қазақстан 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ішкі нарықта тауарлық газды көтерме сатудың шекті бағасын орташа есеппен 14,6% өсіммен қайта қарағанын еске салды.
«Тұтастай алғанда, үш жыл ішінде ішкі нарықта газды шығынсыз сатуға қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл елдің газға деген қажетін өтеуге және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Сәтқалиев.
Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы қымбаттады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан ТМД елдері бойынша ең төмен бағалардың бірі – 54 теңгеден 86 теңгеге дейін болса, Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзірбайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.
Сондай-ақ сарапшылар газдың 2024 жылы ішкі нарықтағы тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 миллион тоннаны құрайтынын айтты. Мұндай жағдайда газ тапшылығы 30-40 пайызға жетуі мүмкін.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру