8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2024 4853 0
Қалалықтар қаперіне

Қазақстанда газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда газ бағасы көтерілуі мүмкін екенін айтты.

Министрдің сөзінше, қазір Қазақстанда тауарлық газдың орташа құны мың текше метріне – 33 мың 169 теңге. Бұл ретте тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы – 23 мың 646 теңге.

«Газ саласына инвестиция тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында тұрғындар үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеуді ескере отырып, газ бағасын кезең-кезеңмен көтеру қажет», – деді министр.

Министр Қазақстан 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ішкі нарықта тауарлық газды көтерме сатудың шекті бағасын орташа есеппен 14,6% өсіммен қайта қарағанын еске салды.

«Тұтастай алғанда, үш жыл ішінде ішкі нарықта газды шығынсыз сатуға қол жеткізу жоспарланып отыр. Бұл елдің газға деген қажетін өтеуге және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Сәтқалиев.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы қымбаттады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан ТМД елдері бойынша ең төмен бағалардың бірі – 54 теңгеден 86 теңгеге дейін болса, Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзірбайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.

Сондай-ақ сарапшылар газдың 2024 жылы ішкі нарықтағы тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 миллион тоннаны құрайтынын айтты. Мұндай жағдайда газ тапшылығы 30-40 пайызға жетуі мүмкін.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
82 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
282 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»